Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«
9)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін
БЛА-дан 30 %
»;
2) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолдың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
7)
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел медициналық көмек көрсеткені үшін
БЛА-дан 50 %
»;
3) көрсетілген қаулыға 12-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.
Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдарының өтіліне қарай:
Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы
3 жылдан астам
5 жылдан астам
10 жылдан астам
15 жылдан астам
20 жылдан астам
ЛА-дан 15 %
ЛА-дан 20 %
ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 50 %
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов