Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидасында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бас схеманың кешенді әзірленуін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Бас схема Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экология, стратегиялық жоспарлау саласындағы заңнаманың негізінде, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді, шектес мемлекеттердің аумақтық және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен әлемдік үрдістерді есепке ала отырып әзірленеді.»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және шаруашылық қызметтің, республикалық маңызы бар көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі ережелерін;»;
      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның схемалары мен даму жобалары;»;
      17-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.