Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2017 № 902 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 421, 422, 423, 424, 425 және 426-жолдармен толықтырылсын:

      "

421.


Кальций карбонаты


2836 50 000 0


422.


Полиэтилен


3901 10 100 0


423.


Төмен қысымды полиэтилен


3901 20 900 9


424.


Силикондандырылған қағаз


4811 59 000 9


425.


Екі жіпті м/м мата


5209 19 000 0


426.


Полипропилен жіп


5402 48 000 0



      ";

      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 217, 218, 219, 220, 221 және 222-жолдармен толықтырылсын:

      "

217.


Ауызы тігілген астары бар полипропилен қап


3923 23 100 0


218.


Шайыр таспа


5907 00 000 0


219.


Ризолин паркинг


5907 00 000 0


220.


ЖБК (жұмсақ біржолғы контейнер)


6305 32 900 0


221.


Полипропилен қап


6305 33 100 1


222.


Логотипі бар полипропилен қап


 6305 33 900 0



      ";

     

      1) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39 және 40-жолдармен толықтырылсын:

      "

39.


"Блок" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


950140000951


40.


"Асыл Арман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


991240001379



      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев