Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмді iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органын айқындау туралы

      2002 жылғы 7 қазанда Кишиневте жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң (бұдан әрі – Келісім) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.12.2024 № 1069 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.