Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына:

      мыналар:

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін;

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жолдан кейін:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жолмен толықтырылсын;

      мына:

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі"

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

"Ыбыраев Әділ Жүнісұлы

-

"Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ыбыраев Әділ Жүнісұлы

-

"Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Попович Никола шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.