Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 669 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

      "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 2-бөлімде:

      "Жалпы білім беретін мектептер" деген кіші бөлімде:

      "Медбике" деген жол алып тасталсын;

      "Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдар" деген кіші бөлімде:

      "Медбике" деген жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Премьер-Министрі Б. Сағынтаев