Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Астана қонақ үйі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 859 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 103-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Астана қонақ үйі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 100 % (жүз) пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін ең жоғары баға ұсынған қатысушыға сату бойынша екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.