Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен есептеледі.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) егер өңірдің дамуы үшін маршруттың әлеуметтік-маңызды сипаты болса, астананы, республикалық маңызы бар қалаларды және облыс орталықтарын туристiк қызмет объектiлерiмен және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен байланыстыратын авиамаршруттар.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Авиамаршруттарды субсидиялауға бөлінген ақшалай қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында (тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартының шеңберінде тараптардың келісімі бойынша) субсидиялауға жататын нақты сома авиамаршруттар бойынша жоспарланған субсидиялар мөлшеріне қарағанда азайған немесе артқан жағдайда:

      рейстерді орындалу жиілігін өзгертуге;

      жергілікті атқарушы органдардың өтініші негізінде жолаушылар легін ұлғайту және маршрутты коммерциялық негізге ауыстыру мақсатында тарифті өзгертуге;

      тасымалдаушылармен келісу бойынша жылдық жалпы сома шегінде авиамаршруттар бағыттары бойынша субсидияларды қайта бөлуге жол беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.