Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемдерін бекіту туралы және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 459 және "Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемдерін бекіту туралы және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 459 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 578-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемдерінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) индустрияландыру картасына немесе өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізілген кәсіпорын өнеркәсіптің өңдеуші салаларына тиесілі;";

      2) "Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 497 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 318-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 23, 24 және 25-жолдармен толықтырылсын:

      "

23.

"Зенит" Орал зауыты" акционерлік қоғамы

2013 – 2015 жылдарға арналған құрғақ салмағы 600 тоннаға дейінгі жаңа сыныпты кемелерді және басқа ірі габаритті өнімдер шығаруды игеру үшін теңіз кемелерін жасауды дамыту

Батыс Қазақстан облысы

24.

"Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы

Шағын катерлердің кеме жасау өндірісін кеңейту және жаңарту

Батыс Қазақстан облысы

25.

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамын реконструкциялау, жаңғырту және дамыту және оның базасында МАЗ автотехникасын құрастыру өндірісін құру

Шығыс Қазақстан облысы

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.