Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 11, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 25 қарашадағы
№ 776 қаулысына
қосымша       Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі

      1. Мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) және мәдени-демалыс қызметі (мәдениет үйлері) салаларында қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері.

      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.

      3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер және өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, гүлзар, демалыс орны, ескерткіш).





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.