Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 12-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына

Күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлік режимiнде болғаны үшін үстемеақы

Күту және ұдайы әзірлік режиміндегі кезекшіліктің әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 25 %

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға шығуға ұдайы әзірлікте болу режимiнде үйде кезекшiлiк ету уақыты кезекшiлiктiң әрбір сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi. Көрсетілген үстемеақыны төлеу тәртібі мен талаптарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.