Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 699 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамында:

      Қазақстан тарапынан:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.