Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин