Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

P/ c №

Атауы

1

2

1. Жақсартылуы мен пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

1.

"Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ)" автокөлік жолын салу және оны пайдалануға беру

2.

Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және оны пайдалануға беру

3.

Алматы қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру

4.

Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.