Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      "4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі" деген кіші бөлімде:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "патрульдік полиция полицейі.";

      "Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері" деген кіші бөлімде:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;";

      "Арнайы жедел ден қою жасақтары" деген кіші бөлімде:

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;";

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) патрульдік полициясы".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.