ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 6-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"
3.
Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы
1)
Жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттылығы үшін:
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда):
басқарушы персоналға;
негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда);
әлеуметтік қызметкерлерге;
санитарларға
ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 35 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 40 %
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерінде (палаталарында):
тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы мейіргерлерге, санитарларға
ЛА-дан 60 %
Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы қызметкерлерге:
басқарушы персоналға;
негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда);
әлеуметтік қызметкерлерге;
санитарларға
ЛА-дан 15 %
ЛА-дан 20 %
ЛА-дан 35 %
ЛА-дан 20 %
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"
7)
Республикалық ұйымдарда:
басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:
театрларда, концерттік ұйымдарда:
шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды тікелей іске асыруға байланысты жұмыстар үшін;
музейлерде (көркем галереяларда (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында);
тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;
кітапханаларда, кітап палатасында:
кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;
мемлекеттік архивтерде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін
ЛА-дан 50 %
8)
Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында:
басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:
театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде:
шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды тікелей жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін;
музейлерде (көркем галереяларда (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), қалпына келтіру орталықтарында және т. б.):
тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;
кітапханаларда:
кітап қорының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;
мәдени-демалыс ұйымдарында:
(клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде), және т.б.):
халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тікелей қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін;
кинематографиялық ұйымдарда:
фильмді прокаттау және көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және тікелей қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін;
мемлекеттік архивтерде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін
ЛА-дан 35 %
".2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының