Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1196 және "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 900 қаулыларының күшін жою туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1196 қаулысының;

      2) "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 900 қаулысының күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      6-бөлімде:

"

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

967,5




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

466,5

";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

932




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

431

";

      реттік нөмірі 14) жол алып тасталсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.