Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 729 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында

      358-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тараптардың өзара келісуі бойынша тауарлардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын төмендету бөлігінде (осы Қағидалардың 422-1 және 431-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда);";

      мынадай мазмұндағы 422-1 және 422-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "422-1. 2020 жылы бірыңғай дистрибьютор тізіміндегі шекті баға өзгерген кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жеткізудің түпкілікті бағасын айқындау жөніндегі келіссөздер жүргізілгеннен кейін жасалған қосымша келісімге тиісті өзгеріс енгізуге жол беріледі.

      422-2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізаттың қажетті көлемінің болуына кепілдік берілген жағдайда қосымша келісім сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 431-1 және 431-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "431-1. 2020 жылы бірыңғай дистрибьютор тізіміндегі шекті баға өзгерген кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жеткізудің түпкілікті бағасын айқындау жөніндегі келіссөздер жүргізілгеннен кейін жасалған қосымша келісімге тиісті өзгеріс енгізуге жол беріледі.

      431-2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізаттың қажетті көлемінің болуына кепілдік берілген жағдайда қосымша келісім сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.