Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің қарамағына берілсін.

      2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi тиісті салаға басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.