Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01. 2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 553-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Білім басқармасы, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда, астанада орналасқан, оған есеп беретін және оның бақылауындағы білім бөлімдері";

      "Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі" деген бөлімнің8-тармағы алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин