Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
"Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлім:
мына:
"
Бөлім
Бөлімнің атауы
Топ
Топтың атауы
Сынып
Сыныптың атауы
"деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
05
Көмір өндіру
05.1
Тас көмір өндіру
05.10.3
Тас көмірді байыту
";ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚ ТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;
** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;
*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдың жол маңындағы жолағында орналасқан;
**** тек темір кені концентратының және (немесе) шекемтастар өндірісіне қатысты;
***** тек тас көмірді байытуға қатысты.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының