ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне;
әдістемелік кабинет (орталық) педагогтеріне
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 10 АЕК
Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді
";мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
"
12.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне
Сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін
БЛА-дан 100 %
Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды
".2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының