Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде:
"Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 128-2, 128-3 және 128-4-жолдармен толықтырылсын:
"
128-2
Жолбарыс
Panthera tigris Linnaeus
Тигр
128-3
Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы
Panthera pardus saxicolor
Переднеазиатский леопард
128-4
Керқұлан
Equus przewalskii Poljakov
Лошадь Пржевальского
".2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин