Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
"
Онг Бун Хви
-
тәуелсіз директор
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Жәмішев Болат Бидахметұлы
-
тәуелсіз директор"
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының