Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша) жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру жөнінде ұсыныстар беріп тұруды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "1. Республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлімде:

      реттік нөмiрлерi 7, 22, 25, 32, 43, 45, 47, 61, 65 және 75-жолдар алып тасталсын;

      "2. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлімде:

      реттік нөмiрлерi 15, 23, 25, 59 және 66-жолдар алып тасталсын;

      "4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

      "5. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 3, 4, 8, 19, 22, 25, 29, 30, 31, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 76, 88, 95, 100, 101, 102, 103, 105, 126, 129, 156, 180 және 181-жолдар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.