Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1171 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1171 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов