Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атауын өзгерту туралы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорындарды мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.