Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1063 қаулысының және "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағының күші жойылды деп тану туралы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1063 қаулысы;

      2) "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.