Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11.
Құрметті атағы үшін үстемеақы
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Халық" деген құрметті атағы бар
және мәдениет саласындағы еңбегі үшін республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге;
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Еңбек сіңірген" құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге
БЛА-дан 100 %
БЛА-дан 30 %
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының