Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияны айқындау және "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 932 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 282-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания болып белгіленсін.

      2. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 932 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесінде:

      4-тармақ алып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.