Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақтың 18) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

      "18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан шетелдік контрагенттермен шетелдік төрелікті тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомаға жасалатын шарттардың жобаларын қарау және оларға ұсынымдарды беру;";

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:

      1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Үкімет атынан шетелдік контрагенттермен шетелдік төрелікті тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомаға жасалатын шарттардың жобалары тиісті ұсынымдар алу үшін Әділет министрлігіне алдын ала жіберілуге тиіс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.