Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысында:

      49-тармақта:

      15-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-5) Қордың "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға өзінің таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде жыл сайын қаражат бөлуі туралы шешім қабылдауы;";

      мынадай мазмұндағы 15-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-6) Қордың ұсынуы бойынша Қордың немесе Қор тобының ұйымының бір көзден алу тәсілімен, оның ішінде Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы туралы шешім қабылдауы;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.