Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 932 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 932 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың тізбесінде:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      ""Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.