Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      344) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "344) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту мен реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарларын әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 345-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "345-1) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлейді және бекітеді;";

      349) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "349) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарға геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеуді, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.