Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.