Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық қарап-тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.