Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.