Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 189-2) және 189-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "189-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде петицияларды қарайды;

      189-3) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;";

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 3-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3-1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.