Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 05.04.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:

      теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Теміржол және су көлігі комитеті:

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып;";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

      "

5-1.

Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру

Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат

      ";

      реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.