Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 49-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 132-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "132-2) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.