Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 287-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) Astana Development Ltd. жеке компаниясы";

      реттік нөмірлері 305 және 306-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

305.

Көппәтерлі және тұрғын (жеке) үйлерді сатып алу және сату

68101

республикалық меншік/коммуналдық меншік

1)"ҚТЖ-Жүк тасымалдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Talgar Eco City-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы

үнемі

306.

Өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату

68102

республикалық меншік / коммуналдық меншік

1) "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Talgar Eco City-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы

үнемі

      ";

      реттік нөмірі 307-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 119) тармақшамен толықтырылсын:

      "119) "Talgar Eco City-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.