Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Жатақханалардың құқықтық мәртебесiн ретке келтiру туралы

      Жатақханалардың құқықтық мәртебесiн ретке келтiру және оларда тұратын адамдарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексiнiң 129 бабын бұзу арқылы шағын отбасыларына арналған жатақхана ретiнде пайдаланылатын тұрғын үйлердегi пәтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады деп белгiленсiн.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.10.21. N 1043 
               қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақ ССР Заңының 25 бабының 5 тармағы негiзiнде жасалған мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру барысында жатақханаларды беру туралы шарттарды заңда белгiленген тәртiппен қайта қарайтын болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қолданылып жүрген заңдарға және нормативтiк актiлерге жатақханалардың мәртебесiн айқындайтын толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс табыс етсiн. 

    Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.