Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы

      Мемлекетаралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауда ТМД елдерiнiң бiртұтас тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1993 жылдың 12-сәуiрiнен бастап мемлекетаралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың тарифтерiн көтерудiң шектi коэффициентi қолданылып жүрген тарифтерге 2,2 мөлшерде (қосылған құнға салынатын салықсыз) белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi