Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдағаны және басқа да қызмет көрсеткенi үшiн уақтылы ақы төлемеген жағдайда кәсiпорындар мен ұйымдардың жауапкершiлiгi туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Жүк тасымалдағаны үшiн ақыны, алымдар мен айыппұлдарды уақтылы төлемеген жағдайда 1993 жылғы 15 сәуiрден бастап жүк алушылар мен жүк жөнелтушiлерге темiр жолдың пайдасына әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төлем сомасының екi процентi мөлшерiнде өсiм есептелiп, өндiрiп алынады деп белгiленсiн.
      Ескерту.  1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндiретiн кәсiпорындарға көмiр тасымалдауға төлейтiн төлемдерiн уақытында төлемегендерi үшiн өсiмнiң мөлшерi әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төлем сомасының екiден 0,5 процентiне дейiн төмендетiлген - ҚРМК-нiң 1995 ж. 24 қаңтардағы N 74 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 20 ақпандағы N 129 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж. , N 6, 101-бабы) 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.