Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мұнайдың ренталық төлемдерiнiң ставкаларын белгiлеу туралы

      Қазақстан Республикасының "Кесiмдi ренталық төлемдер туралы" 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 1057 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 1993.08.05. N 678 қаулысымен.
      2. "Ақтөбемұнай", "Ембiмұнай", "Оңтүстiкқазмұнай" өндiрiс бiрлестiктерi және "Қаражанбастермұнай" тәжiрибе-эксперименттiк мұнайгаз өндiру басқармасы 1993 жылғы 1 ақпаннан бастап мұнайгаз өндiру басқармасы 1993 жылғы 1 ақпаннан бастап ренталық төлемдердi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Энергия көздерiнiң және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы N 905 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 41, 613-бап) бекiтiлген ставкалар бойынша төлейдi деп белгiленсiн.
      1993 жылғы 1 ақпаннан бастап аталып өткен кәсiпорындар екi еселенген орташа салааралық рентабельдiлiк деңгейiн қамтамасыз ете алмаушылар ретiнде ренталық төлемдердi өтеуден босатылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.