Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) кiруiне байланысты шаралар туралы

      Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Республикалық валюта қорынан кiру жарнасы төлеу үшiн 69200 швейцар франкi және 1992 жылға мүшелiк жарна төлеу үшiн 1900 швейцар франкi мөлшерiнде валюталық қаражат бөлсiн;
      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi табыс еткен реквизиттер бойынша аталған соманы Интерполдың есебiне аударуды қамтамасыз етсiн;
      - жыл сайын Интерполға мүшелiк жарнаны және есiрткiнiң заңсыз айналымымен күрес жөнiндегi аймақтық шараларға жыл сайынғы мүшелiк жарнаның 20 процентi мөлшерiндегi қосымша жарнаны төлеуге 1993 жылы және одан кейiнгi жылдары Республикалық валюта қорынан шетел валютасымен қажеттi қаражат қарастыратын болсын. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi министрлiктiң орталық аппараты үшiн көзделген қолда бар штат саны мен қаржы шегiнде министрлiктiң құрылымында штат саны 12 адамнан тұратын Интерполдың Ұлттық орталық бюросын (ҰОБ) құратын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.