Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақстанда атом энергетикасының дамуы" және "Қазақстан
Республикасы ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн
дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың
негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және технологиялар
министрлiгi:
басты ұйымдармен бiрлесiп, бағдарламалардың негiзгi
тапсырмалары мен көрсеткiштерiне сәйкес, олардың кеңейтiлген
нұсқаларын бiр айлық мерзiмде қалыптастырсын және бекiтсiн.
1993 жылдан бастап республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламаларды мемлекеттiк бюджеттiң ғылымды қаржыландыру үшiн
көзделген қаражаты есебiнен мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз
етсiн.
3. Осы қаулыда белгiленген бекiту мен қаржыландырудың аталған
тәртiбi жаңадан жасалатын республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламаларға қолданылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi