Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне қосымша қызметкерлер және оларды ұстауға қаржы бөлу туралы

      1. Ақпараттық орталық құрылымында оңалту жөнiндегi бөлiмшелердi құру үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне 30 адам мөлшерiнде қосымша қызметкерлер, оның iшiнде басшы құрамға 12 адам бөлiнсiн, олар 1993 жылы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне бюджетте көзделген қаражат есебiнен ұсталатын болсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қосымша адам санын ұстауға арнап 1994 жылдан бастап қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын. 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi