Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"ДАМҰНАЙ" БIРЛЕСКЕН КӘСIПОРНЫ ТУРАЛЫ

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      1989-1991 жылдары тоқтатылған Шұбарқұдық пен Жақсымай кен орындарын, мұнай шығарудың қосалқы әдiстерiн қолдана отырып, игеруге қайтадан қосу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Шұбарқұдық пен Жақсымай кен орындарында шығарылып, тоқтатылған көмiрсутегi шикiзатын игере түсу, өндiру, тасымалдау, экспорттау мен өткiзу жөнiнде "Ақтөбемұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және "ДиСизар ойл" американ мұнай компаниясының қатысуымен "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорнының құрылғаны мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне: 
      бiр ай мерзiмi iшiнде "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы Келiсiмдi пысықтай түсудi, мүдделi министрлiктермен келiсудi және оның Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсынылуын; 
      "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорнының жұмыс атқаруы барысында республиканың мүддесi көзделуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету жүктелсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Ақтөбе облысының әкiмi "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорны қызметiнiң ұйымдастыру мәселелерiн шешкен кезде жәрдемдесетiн болсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.