Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясын тарату туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      "Көмiр" өнеркәсiбiн басқару жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 28 маусымдағы N 1773  U941773_  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы өкiлдерiнiң қатысуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша тарату комиссиясын құрсын. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi таратылатын "Көмiр" компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып табылады деп анықталсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына енген көмiр өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттардың, мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдарының бағыныстылығы туралы мәселенi шешетiн болсын. 
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қазандағы N 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 41, 478-бап); 
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 сәуiрдегi N 433 қаулысының 2-тармағы. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.